Мәртөк жамағаты бірлік пен береке үлгісін көрсетті
Мәртөк ауданында мешіт жамағаты «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани кездесу аясында дастархан басында басқосты.
Аталған жүздесу жамағаттың өзара ауызбіршілігін нығайтып, ынтымақ пен бауырмалдықты арттыруға бағытталды.
Кездесу барысында дін қызметкерлері мен ақсақалдар жамағат арасындағы сыйластықтың, татулықтың маңыздылығына тоқталып, бірлік пен берекенің бастауы екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар жамағат өмірі, мешіт айналасындағы игі істер, жастар тәрбиесі және рухани тәрбие тақырыптарында ашық пікір алмасу өтті.
Айта кетсек, іззгілікке насихатталған кездесулер – жамағат арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, қоғамда имандылықты, ізгілікті және жауапкершілікті арттыратын игі дәстүрге айналды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі