Мешіт ұжымы: Қарттар үйіне 15 түп жеміс ағашын отырғызды
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық тазалық акциясы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің имамдары қарттар үйіне арнайы барып, 15 түп жеміс ағашын отырғызды.
Сонымен қатар мешіт ұжымы қариялардың хәл-ахуалдарын біліп, олармен сұқбаттасты.
Жалпы қоршаған ортаға қамқорлық дінімізде сауапты амалдар қатарына жатады. Алла елшісі (с.ғ.с) «Қандай да бiр мұсылман ағаш отырғызса немесе егiн ексе, ол егiстiктен адамдар, жануарлар мен жәндіктер, құстар жесе, ол адам үшiн садақа болып есептеледi,»-деп насихат етті.
Айта кетейік, акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны таза ұстау және туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram