Үлкен қажылыққа дайындық семинары ұйымдастырылды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде 2025 жылы үлкен қажылыққа бара жатырған қажыларға арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинарды ҚМДБ Қажылық бөлімі Ақтөбе облысы бойынша өкілі Ержан Маратұлы мен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы өткізді.
Ержан Маратұлы болашақ қажыларға қасиетті сапардың мән-маңызы мен қадір-қасиеті туралы түсіндірді. Сондай-ақ Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы ихрам киюдің негізгі шарттары, кәффәрат өтейтін жағдайлар, құрбандық шалуда ескеру қажет жайттар секілді мәселелерге тоқталып, көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспапсөз қызметі