21 Мұхаррам
Қарттарға дәріс өтті 4541

Қарттарға дәріс өтті

22 мамыр 2025 532 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның “Дін мен дәстүр” бағыты аясында Ақтөбе қаласындағы “Қабақ баба” мешітінің ұстазы Нұрбол Нұрадинұлы қарттарға дәріс өтті. 

Тағдыр тауқіметі мен түрлі сынақтарды өмір елегінен өткізген қарттарымызбен сырласып, олардың қазіргі хәл-ахуалы мен жағдайын білген ұстаз “Ихсан —рухани тәрбие негізі” тақырыбын толыққанды түсіндіріп өтті. Жаратушының кемел сипаттарын тани отырып, оған амал етіп, дұға жасаудың мән-маңызы турасында айта өтіп, Раббысын таныған пенде әрдайым рухани кемелдену үстінде болатындығын сөз етті.

Дәріс соңына тақырып аясында қариялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі