Кәсіпкер ұшыр берді 2008

Кәсіпкер ұшыр берді

29 тамыз 2022 124 Оқу 1 минут

Жерден өсіп шығатын егін өнімдерінің зекетін – ұшыр деп атайды.

Имам Ағзам былай бұйырған: «Егін өнімдері жинап алынған кезде аз болса да, көп болса да оннан бірін немесе оннан бірінің құнына шақ алтын немесе күмісті мұсылман кедейлерге беру парыз болып табылады».

Осындай игі іске Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылының тұрғыны Мұхаммедәли есімді кәсіпкер себепкер болып, мешіт жамағатына ұшырын берді.

Атап айтсақ, биылғы жылы еккен өнімінен 10 тонна қарбызды ұшыры ретінде табыстады. Ал оны Мәртөк аудандық мешітінің Бас имамы Зарлық Ералин қала, аудан мұқтаж жамағатына, жетімдер үйіне, мүмкіндігі шектеулілердің орталығына, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға таратып берді. Осындай жомарт жандардың ықыласына риза болған жамағат ризашылықтарын білдіріп, кәсіпкерге баталарын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі