Ақтөбеде «Мұсылман әйелдерінің шариғи киім үлгісі» атты сән көрсетілімі өтті (ФОТО) 2121

Ақтөбеде «Мұсылман әйелдерінің шариғи киім үлгісі» атты сән көрсетілімі өтті (ФОТО)

22 қыркүйек 2022 739 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Grand Hall» мейрамханасында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдерінің шариғи киім үлгісі» атты сән көрсетілімі өтті.

Байқауға 25 киім үлгісі бойынша 4 тігінші-дизайнер қатысты. Көрсетілім нәтижесінде барлық номинациядан киім үлгісін ұсынған Гүлия Рамазанова @dana_brand республикалық сән байқауына жолдама алды.

Тігінші-дизайнер Гүлия 2 спорттық киім, 1 мектеп формасы, 2 кеңсе киімі, 3 ұлттық нақыштағы киім үлгісін ұсынды. Ал екінші қатысушы жас жизайнер Айгерім Бақытбек көрсетлімге спорттық және кеңсе киімін ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар Алия Шаймурдина дизайнер @alia_brand кешкі сән көйлектерімен ерекшеленді. Одан өзге Ариназ Уркимбаева @murat_arunaz дизайнер кеңсе және кешкі көйлектерді жұртшылық назарына ұсынды.

Шара қортындысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мұсылман әйелдің шариғаттағы киімі туралы насихат айтты.

– Мұсылман әйелдің киім үлгілерін тіктіру арқылы тек мұсылманшылыққа бет бұр­ған қыздардың мәселелері шешіліп қана қоймайды, сонымен бірге қазақылығымызды насихаттау­ға, нығайтуға үлкен мүмкіндік болады. Бұл арқылы ең әуелі біз қыздарымызды қазір жаһанды жай­лап жатқан жалаңаштану сая­сатынан сақтап қаламыз. Ұлтты­ғы­мызды сақтап қалудың бір жо­лы – аталған киімдерімізді кеңі­нен насихаттау. Тек насихаттау емес, оны күнделікті өмірде киіп жүру. Діни басқарманың қолға алып отырған ісі кешегі жоғалт­қан құндылықтарды қайта жан­дандырудың, мұсылмандық па­ры­зы­мызды орындаудың әрекеті. Осы шара арқылы иманын ой­лаған аяулы қаракөздердің киім жайлы мәселелерін шешуге үлес қосқан болсақ, мақсатымыздың орындалғаны, – деді Облыстың Бас имамы сөйлеген сөзінде.

Қатысушы дизайнерлерге алғысын білдіріп, Гүлия Рамазановаға республикалық байқауға жолдама мен 70.000 теңге, қалған әр қатысушыға 30.000 теңгеден ақшалай сыйлық және арнайы алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар Бас имам кәсіптеріне береке тіледі.

Алдағы республикалық байқауға жолдама алған дизайнер Гүлия Рамазановаға сәттілік тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі