«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында әйел жамағатына шара ұйымдастырылды 2558

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында әйел жамағатына шара ұйымдастырылды

18 наурыз 2023 264 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешіті әйелдер орталығында рухани іс-шара өтті. 

Аталған шараға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы қатысып, ізгі қоғамның бүгінгі таңдағы сипаты, оған мұсылман баласының қосар үлесі, қоғамдағы ізігілік пен мейірімділік турасында тереңірек тоқталып өтті.

Сондай-ақ Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ондық алқа мүшесі, ақсақал Жайылхан Абдисаламов және осы мешіттегі ондық алқа мүшесі, қоғам қайраткері Алтынбек Кәдірұлы қонақ болып, арнайы тілектерін айтып, ақ батасын берді.

Одан өзге қалалық мешіт ұстаздары мен ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының
жетекшісі Кенжегүл Кушкарова қатысып, әйел жамағатына уағыз-насихат айтты.

Арнайы жайылған дастархан басында сұрақ-жауап пен қызықты ойындар ойнатылып, қыз-келіншектер бір-біріне мерекелік сый-сияпаттар табыс етті.

Жиылған жамағат шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаевқа және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Зейнеп Мұсақызына алғыс-тілектерін білдіріп, ақжаулықты аналарымыз баталарын берді.

Айта кетейік, аталған іс-шараға 70-ке жуық қыз-келіншектер мен әжелер қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі