«Ихсан – Рухани тәрбие негізі» кітабы жамағатқа таныстырылды
Кеше, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бесін намазына жиналған жамағат алдында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Бас мүфтидің бастамасымен жарық көрген «Ихсан – Рухани тәрбие негізі» кітабын таныстырды.
Нәпсі және рухани тәрбие кітабын оқып, құлшылығымыз бен өмірімізді өзгертуге септігін тигізетін аталмыш кітаптың маңыздылығына тоқталған Бас имам жамағатты кітап оқып, білім алуға шақырды.
Еске сала кетейік, рухани жаңа еңбек маусым айында «Muftiyat» баспасынан жарық көріп, еліміз бойынша 10 мың данамен таралды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі