Бас имам: Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады 887

Бас имам: Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады

27 қыркүйек 2021 168 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Рика» телеарнасына вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясында бүгіннен бастап елімізде жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады деген шешіміне байланысты сұхбат берді.

Атап айтсақ, 27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та "қауіпсіз" болуға тиіс.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, "сары" аймақта 30%-тен, "қызыл" аймақта 20%-тен аспауы керек.

Еске салсақ, қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі