Хромтау: Мешіт жамағаты жеңіспен оралды
«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» облыстық жол картасының кешенді іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Әйтеке би ауданының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында ауданаралық шаңғыдан жарыс өтті.
Додадаға Хромтау ауданынан 30 жасқа дейінгі аралықта 3 адам қатысып, І орынды Рысқұл Тілек, ІІ орынды Омар Аян, ІІІ орынды Тлеубай Орынбасар марапатталды.
Жарыстың қортынды есебі бойынша Хромтау ауданы үздік танылып, топтық жарыста І орынға ие болды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі