ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУ» БАЙҚАУЫНА АҚТӨБЕЛІК ҚАРИЛАР ҚАТЫСУДА
Бүгін Павлодар қаласында ХІIІ республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауы басталып, оған Ақтөбе облысынан қарилар қатысуда.
Тасбулатов Бекзат толық Құраннан, Тасбулатов Махамбет 20 парадан, Умаров Балгынбек 10 парадан, Ислам Мұхтар мәнерлеп оқудан бақ сынайды. Жеткшілері: Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов.
Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды.
Қарилар байқауы Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтеді және жалпы жұртшылыққа Діни басқарманың «Munara TV» телеарнасы мен «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.
Айта кетсек, жетекшілері Бекжан қари Әлденовтың мәлімдеуінше қарилардың дайындығы жоғары. Сәттілік серік болсын. Бағы мен бабы келісті болып, қарилардың жеңіс тұғырынан көруінуін Алла Тағала нәсіп етсін!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі