Хромтау: Бас имам балаларға қуаныш сыйлады 1524

Хромтау: Бас имам балаларға қуаныш сыйлады

11 сәуір 2022 163 Оқу 1 минут

 Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы  Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан тәбәрігі» жобасы аясында «Ер-Төстік» балабақшасының бүлдіршіндеріне шырын мен тәттілер тарту етіп, балаларға қуаныш сыйлады.

Одан өзге Бас имам балабақша ұжымын Рамазан айымен құттықтап, «Оразаға  қатысты 150 сұрақ» кітабын табыстады.

Айта кетсек, «Ер-Төстік» балабақшасында бүгінгі таңда 50 бала келеді. 

Биыл Рамазан айында балаларға қуаныш сыйлаған азаматтарға балабақша меңгерушісі Алмагүл Есетова алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі