🔰Хромтау ауданында жасөспірім балалар арасында білім сайысы өтті. 3441

🔰Хромтау ауданында жасөспірім балалар арасында білім сайысы өтті.

01 шілде 2024 1192 Оқу 1 минут

«Діни оқу – ағарту» бағыты аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен интеллектуалды білім сайысы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың тарихи, діни білімдерін жетілдіру, бірлікті насихаттау. Асыл дініміздің өркендету, рухани ағартушылық жұмыстары арқылы – қоғамда саналы тұлға қалыптастыруға үндеу.

Мешіт жамағаты арасында өткен жарысқа 4 команда қатысты. Сайыс 6 – кезеңнен құралды. Атап айтсақ, әр топ таныстыру, діни сұрақтар, салт – дәстүр, сахабаларды тап, өлкені табу, сөз тіркестері кезеңдері бойынша білімдерін сынады.

Тартысты додада Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сұлтанов Ерік, және  наиб имам Абдуллин Мейрбек төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1- орынды «Тұран» тобы жеңіп алды. Ал, 2-орынды «Алаш» тобы , 3 – орынды «Фердаус» тобы иеленді. «Жастар» және «Төре» командалары алғыс хатқа ие болды. Сондай-ақ, қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, арнайы ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.