Жастар жетекшісі радиоға сұхбат берді
ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі Еламан Кәрім жергілікті «Тандем» радиосының тілшісіне сұхбат берді. Бұл тікелей эфирдегі әңгімеге «Жастар арасындағы қылмыстың көбеюі» тақырыбы арқау болды.
Еламан Бейімбетұлы сонымен қатар қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі - өскелең ұрпағымызды теріс ағымнан сақтандыру жайына айрықша назар аудару керектігіне тоқталды. Руханиятқа жете көңіл бөлу қажеттігін тілге тиек етті.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі