Хромтау: Ардагерлер арасында үстел теннисінен жарыс өтті
Хромтау ауданында ардагерлер арасында қалалық «Ардагерлер» орталығында 60 жастан асқан ерлер арасында үстел теннисінен жолдастық кездесу өтті.
«Қаламызда қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі – үстел теннисі. Бұл нағыз бұқаралық ойын. Әрі қолжетімді. Жалпы жарыстың мақсаты ардагерлерді дене тәрбиесі және спорт пен айналысуға ынталандыру, Хромтау қаласының тұрғындары мен ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау» деп ауданның бас имамы Ерік Сұлтанов шараның маңыздылығына тоқталды.
Спортты жанына серік еткен ардагерлер теннистен тартысты ойын көрсетті. Әрбір ойыншыға 5 минут берілді. Осы уақыт ішінде қарсыластан басым болған ойыншы жеңіске жетіп, аудандық «Нұр» мешітінің атынан сыйлықтармен, дипломдар және естелік медальдармен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі