Хромтау: «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы таныстырылды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Бабалар ізімен тәлім тағлым» атты шарасы өтіп, оған мешіт жамағаты қатысты.
«Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары дәстүрлі танымдарға ерекше назар аударып келеді. Бабаларымыз ұстанған сара жолды насихаттаудағы басты мақсатымыз – келешек ұрпағымызға ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни құндылықтарымызға негізделген дәстүрлі дініміздің негіздерін жеткізу», -дей келе «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын таныстырды.
Айта кетсек, аталған еңбек үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Дәстүрлі діни танымның тарихи негіздері», екінші бөлім – дәстүрлі діни таным ұстанымдар, үшінші бөлім – дін мен дәстүр сабақтастығына арналады.
Іс-шараға қатысқан мешіт жамағаты игі бастама жайлы жылы пікірлерін жеткізіп, ізгі ниеттерін білдірді.
Одан өзге шара барысында Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин еңбектеріде таныстырылып, сыйға кітап тарту етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі