«Good food» фаст-фуд дәмханасы сертификатталды
Ақтөбе қаласындағы «Good food» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан «Good food» дәмханасына арнайы барып, фаст-фуд өндіруші мекеме жұмысымен танысып, «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. "Жумашев Гани" кәсіпорнына тиесілі «Good food» дәмханасы «Тамақтану қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. Жергілікті өкіл Абдусаламов Жарасхан міндетті аудит жұмыстары мен оқу-семинар шараларын жүргізді. «Good food» фаст-фуд дәмханасына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 07.09.2020- 06.09.2021 мерзімі аралығында жарамды. Ақтөбе қаласы, Сәтпаев көшесі 10, 65/1 мекен-жайынан халал әрі дәмді фаст-фуд әзірлейтін «Good food» дәмханасын таба аласыздар