Діни оңалту бөлімінің жиыны өтті
ҚМДБ Діни оңалту бөлімі «Әр аптаға бір шара» жобасы аясында өңірлердегі жауапты өкілдермен онлайн жиын өткізді.
Жиында бөлім меңгерушісі Қанат Алшынбаев жауапты өкілдерге өткен 9 ай есебінің нәтижесін баяндады. Сонымен қатар, жылдық қорытынды есебіне дайындық шараларын осы бастан қолға алу керектігін ескертті. Оған қоса, алдағы айларда жоспарланған шаралар туралы да хабардар етті.
Бөлім маманы Нұрбек Рахманқұл есеп бойынша ескертулерді атап өтті. Кездесу соңында жұмыс барысында кездесетін проблемалар ортаға салынып, талқыланды.
Жауапты өкілдер өздерінің ұсыныстарын айтып, туындаған сұрақтарға жауап алды.