«Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында оқушыламен кездесу өтті
Шалқар ауданы, Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің имамы Шерхан Батырханұлы «Бозой ЖОББМ» КММ-нің оқушыларымен «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – ислам діні, иман тақырыптарында түсінік қалыптастыру. оқушылардың ойлау қабілетін шыңдай отырып адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Аталған кездесу еркін форматта өтіп, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына тың жауап берілді.
Айта кетсек, кездесуге 8-11 сынып оқушылары яғни 120 оқушы қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі