БОСАНУДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ДҰҒА БАР МА? 137

БОСАНУДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ДҰҒА БАР МА?

21 қыркүйек 2020 19541 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләәму алейкум!

Жүкті әйел жеңіл босануы үшін арнайы оқылатын дұға бар ма? Осы жайлы сұрағым келіп еді.


Жауап: Уа алейкум ассалам!

Расында, мұсылман өмірдегі қуанышты және қиын болған әрбір жағдайда дұға жасай білуі керек. Дұға арқылы адам Жаратушыдан қолдау көреді. Нұғман бин Башир (р.а.) «Мен Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Дұға – ол құлшылық», - деп айтқанын естідім деп, сосын: «Сендердің Раббың: «Менен сұраңдар, жауап беремін. Ақиқатында, Маған құлшылық етуден өздерін жоғары санағандар жақында қор болған күйлерінде тозаққа кіреді[1]», - аятын оқыды[2]», - дейді.

Жеңіл босануға қатысты мынадай риуаят бар: Фатима (р.а.) босану уақыты жақындағанда пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Үмму Сәләма мен Жахшқызы Зейнепті жіберіп Аятул-Курсимен бірге: «Ақиқатында, сендердің Раббың – Алла. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға истиуа етті. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату мен әмір ету – Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Алла – аса Берекелі», - аятын оқуды тапсырды[3]». Сонымен бірге, төмендегі мына аяттарды оқуға болады:

 


1. «Роббәнә уә лә тухаммилнә мә лә тоқәтә ләнә биһ[4]».

رَبَّنَاوَلَاتُحَمِّلْنَامَا لَاطَاقَةَلَنَا بِهِ

Мағынасы: (...Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме!...);

 


2. «Аллаһу яъләму мә тахмилу куллу унсә, уә мә тағизул архаму уә мә тәздәд, уә куллу шайин ъиндәһу бимиқдар[5]».

اللَّهُيَعْلَمُمَاتَحْمِلُكُلُّأُنْثَىٰوَمَاتَغِيضُالْأَرْحَامُوَمَاتَزْدَادُۖ وَكُلُّشَيْءٍعِنْدَهُ بِمِقْدَارٍ

Мағынасы: (Алла әрбір ұрғашының нені көтеріп жүргенін және жатырлардың нені кемітіп, арттыратынын біледі. Әрбір нәрсе Оның алдында өлшеулі);


 

3. «Уа Аллаһу холәқокум мин туробин, суммә мин нутфатин, суммә жаъаләкум әзуәжән, уә мә тахмилу мин унсә уә лә тадаъу иллә биъилмиһи, уә мә юъәммәру мин муъәммәрин уә лә юнқосу мин ъумриһи иллә фи китәб, иннә зәликә ъәлә Аллаһи ясир[6]».

وَاللَّهُخَلَقَكُمْمِنْتُرَابٍثُمَّ مِنْنُطْفَةٍثُمَّجَعَلَكُمْأَزْوَاجًا وَمَاتَحْمِلُمِنْأُنْثَىٰوَلَاتَضَعُإِلَّابِعِلْمِهِ وَمَايُعَمَّرُمِنْمُعَمَّرٍوَلَايُنْقَصُمِنْعُمُرِهِإِلَّا فِيكِتَابٍ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَىاللَّهِيَسِيرٌ

Мағынасы: (Алла сендерді топырақтан, кейін ұрық суынан жаратты. Содан кейін сендерді жұп жасады. Әрбір ұрғашының жүкті болуы және босануы Оның тағдыр етуімен ғана болады. Кітапта жазылғаннан артық әрбір өмір сүрушінің өмірі ұзартылмайды да қысқартылмайды. Ақиқатында, бұл Аллаға жеңіл);


 

4. «Уә Аллаһу ахражәкум мин бутуни уммәһәтикум лә тәъләмунә шәйән уә жәъәлә ләкумус сәмъә уәл абсорә уәл афидәһ, ләъәлләкум ташкурун[7]».

وَاللَّهُ أَخْرَجَكُم مِّن بُطُونِ أُمَّهَاتِكُمْ لَا تَعْلَمُونَ شَيْئًا وَجَعَلَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۙ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ

Мағынасы: (Әрі Алла сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсені білмейтін күйлеріңде шығарды және алғыс білдірулерің үшін есту, көруді және жүректерді берді).

 

Сонымен бірге, мына дұғаларды да оқуға болады:


- «Аллоһуммә лә сәһлә иллә мә жәъәлтәһу сәһлә, уә әнтә ин шитә жәхәлтә хузнә сәһлә».

اللَّهُمَّ لَا سَهْلَ إلاَّ مَا جَعَلْتَهُ سَهْلاً، وأنْتَ تَجْعَلُ الحَزْنَ إِنْ شِئْتَ سَهْلاً

Мағынасы: (Уа, Аллаһым! Сен жеңіл еткен нәрседен басқа ешбір жеңілдік жоқ. Сен қаласаң әрбір уайымды жеңіл етесің);


- «Иә Хаюу, иә Қоиюм бирахматикә астағису».

يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ أَسْتَغِيثُ

Мағынасы: (Уа, Хаю – Тіршілігі ешкімге тәуелді емес мәңгі Алла! Уа, Қаюм, барлық жаратылысты басқарып тұрушы Алла! Сенің мейірімділігіңнен жәрдем тілеймін).

Жалпы, жоғарыдағы аят пен дұғаларды босанатын әйел немесе оның жанындағы адамдар оқуына болады.

Дайындаған: nurgasyr.kz



[1]Ғафир сүресі. 60-аят

[2]Тирмизи

[3]Ибн Сунни, «Амал Иаум уә Лайла»

[4] Бақара сүресі, 286-аят

[5] Рағд сүресі, 8-аят

[6] Фатыр сүресі, 11-аят

[7] Нахыл сүресі, 78-аят