16 Джумада әл-әууәл
07:17 Таң
Бегімбет: «Әке – отбасының тірегі» атты  шара ұйымдастырылды 4601

Бегімбет: «Әке – отбасының тірегі» атты шара ұйымдастырылды

16 маусым 2025 75 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылдық мешіті мен «Мәдениет үйінің» ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай «Әке – отбасының тірегі» атты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Бегімбет ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезов «Әкенің отбасындағы рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында айтып, жиналған қауымға Исламдағы әкенің орны туралы баяндады.

«Әке – отбасының тірегі әрі тәрбие мектебінің негізі. Ислам дінінде әкеге құрмет көрсету – үлкен сауапты амалдардың бірі. Қасиетті Құранда және Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде әке рөліне айрықша мән берілген», – деді имам.

Шараға ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.

Аталған іс-шара қоғамда отбасы құндылықтарын дәріптеуге, соның ішінде әкенің қадір-қасиетін арттыруға бағытталған игі қадам болды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітіің баспасөз қызметі