БАС МҮФТИ ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТКЕ ҚАТЫСТЫ 1728

БАС МҮФТИ ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТКЕ ҚАТЫСТЫ

19 мамыр 2022 117 Оқу 1 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Татарстан астанасы Қазан қаласында Еділ Бұлғариясының Исламды қабылдағанына 1100 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» ХІІІ халықаралық экономикалық саммитке қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Татарстан президенті Рустам Минниханов және мәртебелі меймандармен бірге «RUSSIA HALAL EXPO» халықаралық көрмесін тамашалады.

Айта кетсек, Қазан қаласындағы халықаралық саммит жұмысына елімізден бірнеше мемлекеттік мекеме мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.