РАНТ мүшесі іс-сапармен Ақтөбе облысына келді
Бүгін ҚМДБ-ның 2022 жылғы жоспары аясында Ақтөбе облысына РАНТ мүшесі, Атырау қаласындағы «Әт-тақуа» мешітінің Бас имамы Өсімхан Тілеуов келді.
Іс-сапар барысында РАНТ мүшесі бесін намазының алдында «Нұрдәулет» мешітінде «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты. Одан кейін Ақтөбе қаласындағы КА 168/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.
Ал екінті намазынан кейін Өсімхан Аманбайұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының қонағы болып, «Шаңырағым шайқалмасын десеңіз...» тақырыбында сүбелі сұхбат берді.
Ақшам намазынан кейін «Изюм» кафесінде ДДА мүшелерімен кездесіп, уағыз-насихат айтты.
РАНТ мүшесінің 1-ші күндегі сапары құптан намазынан кейін Ақтөбе қалалық мешітінде «Ислам діні – бірлік діні» тақырыбында уағыз-насихатпен қортындыланды.
Өсімхан Тілеуовтың іс-сапары ертең Мұғалжар ауданында жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі