Бас имамның жетінші сапары Шалқар ауданында жалғасын тапты 765

Бас имамның жетінші сапары Шалқар ауданында жалғасын тапты

28 тамыз 2021 199 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы іс-сапар 7 аудан ретінде Шалқар ауданымен жалғасын тапты.

Іс-сапар барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидехановтың қабылдауында болып, жергілікті діни ахуалдың жай-күйімен танысып, өңірдегі жат ағыммен күресу жолдарын талдады.

Одан кейін Бас имам аудандағы күрделі жөндеуден өткен "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешіті мен жаңадан салынған медресемен танысты.

Сонымен қатар іс-сапар барысында 5 адаммен жеке кездесу өткізіп, теріс ағымның алдын алуға қатысты бірқатар нұсқаулықтар берді.

Одан өзге облыстың Бас имамы Шалқар ауданындағы «Матай Қоқанұлы» мешітінде жұма намазын жүргізді.

Ал кешке ақшам намазына жиналған жамағатқа бірлік, ынтымақ тақырыптары аясында уағыз-насихат айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі