Бас имам Темір қаласына іс-сапармен барды 3199

Бас имам Темір қаласына іс-сапармен барды

08 ақпан 2024 256 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералин Темір қаласының халқымен кездесу үшін арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында қала тұрғындарымен кездесіп, діни ахуал жайлы сұхбат құрды. «Исламдағы адамгершілік қағидаттары», «Бала тәрбиесі» тақырыбында сөз қозғалды. Халық өздерін мазалаған діни сұрақтарды қойып, тиісті жауап алды. Бас имам сондай-ақ жергілікті көп балалы және аз қамтамасыз етілген 10 отбасыға жалпы сомасы 50 мың теңгені құрайтын 170 келі азық-түлік қоржындарын қайырымдылық ретінде таратты.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі