РАНТ мүшесі 2000 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді
РАНТ мүшесі Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы екі күндік іс-сапармен Астана қаласына барып, 9 мекемеде 9 кездесу өткізіп, 2000 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесудің алғашқы күні “Астана қаласы Есіл және Нұра аудандарының біріктірілген қорғаныс істері” мекемелерінде бастау алып, аталған орында “Жат ағым жарға жығады” тақырыбында уағыз-насихат айтып, бүгінгі қоғам дерті дәстүрлі емес теріс ағымдардан сақтану жолдары мен олардан төнетін басты қауіптерге тоқталды.
Ал бесін намазы уақытында “Әл-Ғани” мешітінде жамағатпен жүздесіп, “Ауызбіршіліктің маңызы“ турасында уағыз айтылды. Жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, маңызды деген сұрақтар жөнінде кеңінен талқылап өтті.
Сонымен қатар Астана қаласы №64 түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесіп “ Жат ағымның зардабы” жөнінде толыққанды ақпараттар беріп, насихат айтты.
Одан өзге “Әл-Фараби” мешітінде жамағатқа “Отбасы құндылығы” тақырыбында уағыз айтып, исламдағы ер мен әйелдің хақылары, шаңырақ тұтастығын сақтап қалудағы екеуара міндеттері жайлы түсіндірді. Аталған уағыз-насихаттан соң РАНТ мүшесі “Хусамаддин әс-Сығанақи” институтында шәкірттермен кездесіп, сұхбаттасты.
Арнайы сапардың келесі күні де бірнеше мекемеде жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, “Ақ мешіт” мешітінде “Ұлттардың бірлігі — қоғам бірлігі” тақырыбында жұма уағызын өткізіп: “Асыл дініміз Ислам — бейбітшілік діні, ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Тиісінше дініміз қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін негізгі қағидаларды талап етеді”-деп атап өтті.
Жұма уағызынан соң бас имам Астана медресе колледжінің шәкірттерімен кездесіп, “Білім алудың маңыздылығы” жайында, асыр намазында “Сәдуақас Ғылмани” мешітінде болып “Мұсылман мұсылманға бауыр” тақырыбында насихат айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram