«Аналардың сөзі - көненің көзі» атты рухани шара өтті 3240

«Аналардың сөзі - көненің көзі» атты рухани шара өтті

29 ақпан 2024 164 Оқу 1 минут

"Ислам және дәстүр құндылығы" жылы аясында "Бақытжан" мешіті әйел жамағатына арналған рухани шара өтті. Бұл шараға "Әжелер мектебі" өкілдері ақ жаулықты аналар қауымы арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Сөз басында мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова "Асыл дініміз бен қазақ даласындағы аналардың мәртебесі, дәрежесі туралы, ұлттық құндылықтарымызды ұрпаққа сіңіру, бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтар, аналардың

Шарада "Бақытжан" мешіті шәкірттері ана, әйел, қыз тақырыбы төңірегінде өлеңдерді мәнерлеп оқып, нақышына келтіре жыр орындап, арнау сөздерін айтты. Сол секілді танымды ойындар ойналып, сыйлықтар үлестірілді. Бұл кештің басты мақсаты - ақ жаулықты аналардан салт-дәстүріміздің қыр-сырын үйреніп, ақыл-кеңестерін тыңдап, өмір тәжірибелеріне қанығу болатын. Шара өз мақсатына жетті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі