«Алланың 99 көркем есімі» тақырыбында білім сайысы өтті. 3393

«Алланың 99 көркем есімі» тақырыбында білім сайысы өтті.

05 маусым 2024 428 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінің жанындағы әйелдерге арналған сауат ашу курсының шәкірттері арасында  «Алланың 99 көркем есімі» тақырыбында білім сайысы өтті. 

Мешіт ұстазы Жазира Айбекқызы Алла Тағаланың көркем есімдерінің саны жөнінде Пайғамбарымыз  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Бұларды санап отырып зікір еткен адам жұмаққа кіреді» хадисін тілге тиек етіп, Алланы көркем есімдерімен еске алған адамның күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да, кешірілетіндігін сүйіншілегені туралы да айтып өтті. 

Сайыстың мақсатын түсіндіре келе, «діни сауат ашу курсына тұрақты келіп жүрген шәкірттердің білімін бағалау және одан әрі ынталандыра түсу» - деді

Сайысқа қатысуға ниет білдірген 12 шәкірт   үш айналым бойынша жарыстан өтті.

Әділ қазылар: «Әйел- қыздар» секторының жетекшісі, Нұр-ғасыр мешітінің ұстазы - Кенжегүл Кушкарова, Әл-Латиф мешітінің ұстазы - Қуандық Әсем әр айналымды қортындылап жеңімпаздарды анықтады. 

Нәтижесінде:

1орын Гүлімхан Ерғазы -15000 

2 орын Жадыра Ажибаева 10    000

3 орын  Бесбаева Наргиз 5000  акшалай сыйлыққа ие болса,   өзге қатысушыларға Құран Кәрім, Құран әліппесі және мадақтама қағазы табысталды

Шара соңында сектор басшысы шәкірттердің сайысқа тыңғылықты дайындалғанын атап өтіп, Алла Тағаланың тек бар екендігіне иман келтіріп қана қою жеткіліксіз. Аса рахымды Алланың 14 сипатынан бөлек, көптеген көркем есімдерін жаттап қана қоймай, Оның алдында белгілі бір жауапкершілік пен міндетіміздің бар екенін де ұмытпағанымыз абзал  деп қортындылады.

Мешіт ұстазы Жазира Айбекқызы Алла Тағаланың көркем есімдерінің саны жөнінде Пайғамбарымыз  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Бұларды санап отырып зікір еткен адам жұмаққа кіреді» хадисін тілге тиек етіп, Алланы көркем есімдерімен еске алған адамның күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да, кешірілетіндігін сүйіншілегені туралы да айтып өтті. 

Сайыстың мақсатын түсіндіре келе, «діни сауат ашу курсына тұрақты келіп жүрген шәкірттердің білімін бағалау және одан әрі ынталандыра түсу» - деді.

Сайысқа қатысуға ниет білдірген 12 шәкірт   үш айналым бойынша жарыстан өтті.

Әділ қазылар: «Әйел- қыздар» секторының жетекшісі, Нұр-ғасыр мешітінің ұстазы - Кенжегүл Кушкарова, Әл-Латиф мешітінің ұстазы - Қуандық Әсем әр айналымды қортындылап жеңімпаздарды анықтады. 

Нәтижесінде:

1орын Гүлімхан Ерғазы -15000 

2 орын Жадыра Ажибаева 10    000

3 орын  Бесбаева Наргиз 5000  акшалай сыйлыққа ие болса,   өзге қатысушыларға Құран Кәрім, Құран әліппесі және мадақтама қағазы табысталды.