Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтті
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде шәкірттер арасында Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтті.
Қатысушыларды әділқазы алқасы ретінде «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Дүйсеев, аталған мешіттің наиб имамы Қайрат Имағанбетов және ұстазы Ақерке Сағиева бағалады.
Әділқазылар мүшесі бас имам Нұрлыбек Дүйсеев сайысқа қатысушы шәкірттер мен жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәджуидпен оқи білудің сауабы жөнінде уағыз айтып, сәттілік тіледі.
«Шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағатын Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру»,-деп Құран жарысы алдағы уақытта да жалғасын табатындығын мәлімдеді бас имам Нұрлыбек Дүйсеев
«Шәмс» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқудан және Құранды мәнерлеп оқудан екі номинация бойынша 6 қатысушыға диплом және ынталандыру сыйлығы берілді. Екі номинация бойынша бірінші орынға шыққан мешіт шәкірттері Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр” мешітінде өтетін ақтық сайысқа жолдама табысталды.
Қатысушылардың жасы 10 жастан 60 жас аралығында болды.
«Қабақ баба» мешітінде алғаш рет өткізілген іріктеу сайысқа 20-ға жуық мешіт шәкірттері қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі