«Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы қайта жанданды
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің жанынан ашылған «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы қайта жанданды.
ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кошкарова: «Ілгеріде «Нұр Ғасыр» мешітіндегі Әжелер мектебенің қолдауымен ұйымдастырылған «Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы пандемия жағдайына орай тоқтап қалған еді. Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты көпшіліктің сұранысы ескеріліп, бүгіннен бастап әр сенбі күні жергілікті уақыт 10:00-12:00 аралығында ақысыз өтеді», - деп қыз-келіншектерге арналған үйірменің маңыздылығы атап өтті.
Он саусағынан өнер тамған Әжелер мектебінің белсенді мүшелері нәзік жанды аруларға тоқыма өнерінің қыр-сырын үйретуге дайын.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі