28 бала тәрбиелеп отырған отбасыға зиярат жасады 5902

28 бала тәрбиелеп отырған отбасыға зиярат жасады

10 February 2026 91 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы және қалалық еріктілер тобы Жетесовтер отбасына арнайы барып, зиярат жасады.

Аталған отбасының ерекшелігі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 28 баланы тәрбиелеп, оларды өмірге бейімдеп отыр. 2009 жылдан бері қамқоршысынан айырылған жеткіншектерді бауырларына басып, оларға ата-аналық мейірім мен жылулық сыйлап келеді.

Облыста балаларды ұлттық дәстүрге дәріптеп отырған үлгілі отбасы. Кездесу барысында балалар күй тартып әндер айты. Сонымен қатар өнер жолындағы жетістіктері мен алған марапаттарын таныстырды. Жас өнерпаздар республикалық ғана емес, халықаралық Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінде қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттап жүргені ерекше қуантады.

Зиярат барысында "Әл-Ләтиф" мешітінің бас имамы және еріктілер тобы отбасы мүшелерімен сұхбаттасып, балалардың дәстүрді берік ұстанып, ана тілінде анық сөйлеп, үлкенге құрмет көрсететін тәрбиелі екендігіне ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында өнегелі шаңырақтағы балаларға сыйлықтар табысталып, тағылымды насихат айтылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі