«Жылулық сыйла» акциясы аясында 30 отбасыға киім-кешек таратылды 3249

«Жылулық сыйла» акциясы аясында 30 отбасыға киім-кешек таратылды

03 наурыз 2024 729 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы бойынша қыстық киім-кешек тарату шарасы ұйымдастырылды. Жергілікті кәсіпкерлердің атсалысуымен аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 18 қысқы дубленка және мутон тондар таратылды. Іс шара аясында 30 отбасы қамтылып, 34 кг киім кешек және аяқ киім таратылды. Жалпы суммасы 420 000 теңгеге қайырымдылық жасалды.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі