Жастар ісі секторының жауапты өкілі сұхбат берді
Бүгін ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, Бақытжан мешітінің ұстазы Еламан Кәрім «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды.
Жауапты өкіл тікелей эфирде өткен «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында «Сәлемдесу – әдептілік белгісі» тақырыбында сұхбат берді.
Еламан Кәрім шариғат пен салт-дәстүрдегі сәлем берудің түрлері мен әдептеріне жіті тоқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі