Жас ата-аналарға арналған тренинг өтті 3738

Жас ата-аналарға арналған тренинг өтті

24 қыркүйек 2024 316 Оқу 1 минут

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында аталған мешіттің наиб имамы Мәди Орынбайұлы «Бала тәрбиесі – бір өнер» атты жас ата-аналарға арналған тренинг өтті.

Наиб имам тренинг барысында Исламдағы бала тәрбиесі мен қазақи тәлім тәрбие құндылықтарына тоқталды. Сонымен қатар бала тәрбиесінің орны туралы баяндады.

Одан өзге бала тәрбиесіндегі әдеп туралы да баяндады.

Тағлымы мол тренингке қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі