ЖАНТ мүшесі Байғанин ауданында насихат жүргізді
ҚМДБ бекіткен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Байғанин ауданында 2 күн іс-сапарда болды. Аталған іс-сапар аудан орталығынан салынған «Қайырымдылық мекемесі» медресесінде кездесуден басталды. Наиб имам медресенің құрылысы мен оқу жоспарымен танысты. Сонымен қатар іс-сапар барысында Байғанин аудандық мешіті жамағатымен кездесіп, дастархан басында уағыз айтты. «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы уағыз айтып, жамағатты бірлікке шақырды. Ынтымақтың қоғамға ауадай қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ қасиетті жұма күні жұма уағызын айтып, намаз өткізді. Айта кетсек, екі күнге созылған іс-сапарда имам 650 адамға ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі