Жаңа тағайындалған имамдарға тапсырма берілді
Кеше, қасиетті жұма күні, Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан жақында тағайындалған Ақтөбе қалалық орталық мешіті, Темір ауданы және Хромтау ауданының Бас имамдарын жеке қабылдап, жыл басында бекітілген жылдық жоспарларын пысықтады. Жоспар бойынша жыл басынан атқарылған тапсырмаларды қорытындылап, қалған тапсырмаларды толықтырып жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, 31 тамызда мешіттердің жекелей ғибадаттарға ашылуына байланысты діни басқарма бекіткен санитарлық нормаларды жамағатқа түсіндіріп, мешіттерде бекітілген талаптарды сақтауға аса мән беру керектігін ескертті. Бас имамдарға жүктелген міндеттердің жауапкершілігін ескере келе халыққа дін жолында абыроймен қызмет ету керектігін айтты.
Сонымен қатар Хромтау мен Темір аудандарындағы кейбір ауылдық мешіттерге білікті діни маман тарту мәселесін тезарада шешуді күн тәртібіне енгізді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі