Үздіксіз уағыз-насихаттар айтылуда 2639

Үздіксіз уағыз-насихаттар айтылуда

15 сәуір 2023 146 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының он күндігі де аяқталуға таяу. Осыған орай, қадірлі уақытты барынша құлшылық, амалмен өткізу үшін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты мешіттердің әрбірінде «Рамазан – ізгілік жаршысы», «Рамазан – ихсан айы», «Құран түскен қадірлі ай» тақырыптары аясында үздіксіз уағыз-насихаттар айтылуда. 

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Рамазанның алғашқы он күні- рахмет, ортаңғы он күні – жарылқау, ақырғы он күні – тозақтан құтылу» -деген.

Ендеше, әр күні ізгілік пен мейірім айында жақсылықта жарысып, амалдарымызды қуаттай түсейік.

Жаратушының рақымы жауатын құлшылық үйлерінде жамағатпен жасалынып жатқан амалдарға атсалысып, ел мен жер үшін дұғамызды да арттырайық.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі