Ырғыз: «Рамазан – рақым айы» атты рухани кеш ұйымдастырылды
Ырғыз аудандық мешітінің ұйымдастыруымен және аудандық «Арай» мәдениет үйі ұжымының атсалысуымен «Рамазан – рақым айы» атты рухани кеш өтті.
Қасиетті Рамазан ұлықтаған шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев, Ырғыз ауданыынң Бас имамы Бауыржан Мырзабай мен аудан ардагерлері қатысты.
Кеш барысында тағылымы мол рухани әндер, ғибратты жыр-термелер айтылды. Сонымен қатар он екі айдың сұлтаны Рамазан туралы көрерменге ой салып, руханиятын байытатын қойылымдар қойылды.
Рухани кеш қортындысында көрермендер игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі