Рамазанның 10 күнінде 305 отбасыға қайырымдылық жасалды
Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Рамазанның 10 күнінде облыс, қала, аудан, ауыл имамдары 305 отбасыға азық-түлік пен қаржылай және 1 мешітке қайырымдылық жасап, 43 мешітте 42 000 адамға ауызашар дастарханы жайылды.
Атап айтсақ, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында ұлық Рамазан айында «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының бесінші баспанасы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында жалғызбасты, көп балалы анаға табысталды.
Сонымен қатар «Қолдан қолға» жобасы бойынша 20 отбасыға, «Зекетті насихаттау» бойынша 10 отбасыға, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында 1 отбасыға қаржылай көмек берілсе, «Рамазан қоржыны» жобасы бойынша 119 отбасыға азық-түлік қоржыны, 152 балаға «Рамазан тәттісі», 2 отбасыға «Киім-кешекпен» көмек көрсетілді.
Игі іске демеуші жасаған кәсіпкерлердің кәсібіне Алла Тағала береке нәсіп еткей!
Рамазан қайырымдылық акциясы ай бойы жалғасын табады. Игі іске сізде себепші болып, 1 отбасының мұқтажын өтеп, сауапқа кене аласыз.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі