Тәуелсіздік мерекесіне орай дін қызметкерлері марапатталды
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша дін қызметкерлері марапатталды.
РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Құрмет грамотасы» марапатына ие болды.
Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы негізінде «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Аталған марапатты Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров табыстады.
Одан өзге Қарғалы ауданы, Қайрақты ауылдық мешітінің имамы тәжік-ауған қақтығыс ардагері Алтынбек Оралұлы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалін иеленді.
Президентіміздің дін қызметкерлерін марапаттауы дін саласына деген үлкен сенім, ерекше жауапкершілік һәм зор демеу.
Ақтөбе өкілдігі ұжымы атынан марапат иелерін құттықтаймыз! Еңбекте жемісті болуларыңызды тілейміз. Алар асуларыңыз аласырмасын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі