ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әмреев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.
«Рақым мен мейірім қақпалары айқара ашық болған қасиетті Рамазан айымен қоштассақ та көңілімізге қуаныш сыйлайтын тағы бір мерекені нәсіп еткен Алла Тағалаға шексіз шүкірлік айтамын. Осыған орай сізді айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Ораза айты бірлік пен ынтымақ насихатталатын қуаныш пен шаттық күні болғандықтан, арамыздағы түркі және ислам әлеміндегі бауырмашылдыққа құрылған қарым-қатынасымызды күшейтеді деп сенемін. Айт құтты болсын» делінген құттықтауда.