Темір жамағаты Ырғыз ауданында
Ырғыз ауданы жамағатын Темір аудандық “Досжан Ишан” мешіті жамағаты зиярат етті.
Мұсылмандар арасында ауызбіршілікті, ынтымақты арттыруға арналған бұл шараға 20-ға жуық адам қатысты.
Шара барысында қонақтарға арналып дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.
Сонымен қатар жамағат арасында ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Аудан жамағаты Ырғыз өзені жағасында демалыс күнгі уақыттарын тиімді өткізді.
Айта кетсек, ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай сапарлар жалғасы табатынын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі