Темір: Облыстың Бас имамы мешіттердің жұмыстарымен танысты (ФОТО)
Темір ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев аудандағы мешіттердің жұмыстарымен танысты.
Сапар барысында облыстың бас имамы аудан орталығы Шұбарқұдықтағы «Досжан Ишан» мешітінің бас имамы Ералин Зарлықтың жасалған жұмыстарының есебін тыңдады.
Облыстың Бас имамы Амантай Әбілдаұлы аудандағы діни ахуалдың тұрақтылығы, мешіт жамағаттарының ауызбіршілігі бағытында жұмыс жасау керектігін атап өтті.
Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан аудан орталығындағы мешіттің құрылыс жұмыстарын жіті бақылады.
Құрылыстағы мешіттер аясында Кеңқияқ ауылдық «Ырысты ана» мешіті мен Шұбарши ауылдарындағы мешіт жұмыстарын көрді.
Кеңқияқ ауылындағы «Ырысты ана» мешіті сыйымдылығы 1300 адам. Жамағаттың қолдауымен мешітке жаңа кілем төселінген.
Мешіттің жөндау жұмыстарымен танысып, Бас имам мешіт жұмыстарына оң бағасын берді.
Сонымен қатар Амантай Садиев Саркөл ауылдық округінде жаңадан бой көтерген Шұбарши ауылдық мешітінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жергілікті жамағаттың қолдауымен тұрғызылған мешіт биылғы жылы қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Сапар аясында аудандағы мешіттердің жай-күйін көріп, тазалығына назар аударып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстарын тексерді. Одан өзге мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі