Ақтөбелік қари жеңімпаз атанды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен Х республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауы өз мәрежесіне жетті.
Түркістан қаласында екі күнге созылған додаға 74 қатысушы қатысып, Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінен 20 парадан Хабибулла Раушан ІІ орын, толық Құраннан Бекзат Тасболатов V орынды иеленді.
Сонымен қатар Құран жарысына 10 парадан Нұргелді Мұздақбай, мәнерлеп оқудан Бекжан Дәуренбекұлы қатысты.
Сайыстың қортынды есебі бойынша Хабибулла Раушан 1500 000 тг қаржылай сыйлықпен, ал Бекзат Дулатұлы Умраға (кіші қажылық) жолдамамен марапатталды.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі