Ақтөбелік қари XIII республикалық Құран жарысында топ жарды 3660

Ақтөбелік қари XIII республикалық Құран жарысында топ жарды

16 қыркүйек 2024 274 Оқу 1 минут

Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқауы мәресіне жетіп, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен қатысқан Махамбет Тасболатов қари «20 пара» бойынша ІV орынды иеленіп, 800 000 теңге қаржы сертификаты табысталды.

Жетекшісі: Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов.

Айта кетсек, республикалық Құран жарысында Ақтөбе өкілдігінен Тасбулатов Бекзат толық Құраннан, Тасбулатов Махамбет 20 парадан, Умаров Балгынбек 10 парадан, Ислам Мұхтар мәнерлеп оқудан бақ сынады.

80 үміткер қатысқан байқауда топ жарып, жеңіске жеткен Махамбет Тасболатов қариды құттықтаймыз!

Екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде және «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан онлайн көрсетілді.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі