Ақтөбе: "Зират және зиярат мәдениеті" атты жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру" форумын ұйымдастырды 2175

Ақтөбе: "Зират және зиярат мәдениеті" атты жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру" форумын ұйымдастырды

11 қазан 2022 166 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының мұрындық болуымен облыстық Нұр Ғасыр мешітінде "Зират және зиярат мәдениеті" атты жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру" форумы ұйымдастырылды. 

Аталған шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, РАНТ мүшесі, "Ақтөбе" медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы, зиялы қауым өкілдері мен ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мешіттің ондық алға ақсақалдары, Қ.Жұбанов университетінің оқытушылары т.б қатысты.

Игі басқосу барысында алдағы уақытта «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысында жасалатын жұмыстарының жоспарлары таныстырылды. Сонымен қатар форумға қатысушылар жалпы өңірдегі жерлеу рәсімін бірізділікке түсіру бойынша пікірлерін айтып, ортақ талқыға салды. Одан өзге облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының осы жұмысты жүргізудегі бастамасын қолдады. 

Айта кетсек, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен зират тұрғызуда ысырап пен бәсекеге жол бермей, жалпыға ортақ жерлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылған болатын.


Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі