«Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды 2933

«Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

18 қыркүйек 2023 291 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған 4 күндік семинар басталды.

Аталған семинарды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, ҚМДБ-ның 2023 жылғы жоспарына сай ұйымдастырылып отырғанын айтты. Сонымен қатар дін мамандарының біліктілігін арттыруға арналған оқу семинарының маңыздылығына тоқталды.

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов қала имамдары мен ұстаздарына семинардың 1-ші күнінде ең маңызды тәжуид қағидаларына ерекше тоқталып, Құран оқуларын тексерді. Атап айтқанда алғашқы күні «Фатиха» сүресінен 20 адам тапсырды.

Одан өзге Бекжан қари Әлденов БАҚ өкілдеріне семинар туралы сұқбат берді.

Айта кетсек, семинардың 4-ші күні әйел ұстаздарға өтеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі