АҚТӨБЕ: «ТҮРІК БӨРЕКТЕРІ» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласында өндірілетін «Түрік бөректері» жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлы табыстады.
«Сертификаттар алдын кәсіпорын аумағында бірнеше мәрте аудит шаралары орындалып, өндірісте қолданатын өнімдері түгелдей тексерілді. Санитарлық тазалықтың сақталуы, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын орындауы да назарға алынды. Тексерістің оң нәтижесінен кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, қызметкерлерге шариғат талабы – халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – дейді өкіліміз.