Ақтөбе: «Рухани Рамазан» атты рухани кеш өтті
Ақтөбе "Әйел-қыздар" секторы ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы жұртшылығына арналған ауқымды көлемде "Рухани Рамазан" атты рухани кеш өткізілді
Қасиетті Рамазан айды жамағат боп қарсы алу, Рамазан алдындағы рухани дайындықты пысықтау әрі қасиетті Ережеп, Шағбан айларында өткізілген Мега Марафон "Рамазанға дайындық" марафонының қорытындысы кең көлемде аталып өтті.
Жалпы Ақтөбп қаласынан ғана емес, сондай-ақ Хромтау, Мәртөк, Алға, Темір, Байғанин, Әйтеке би аудандарынан да әйел жамағаттары қатысып, барлығы 130- дай әйел-қыздар қауымы жиналды.
Рухани кештің беташарын Ақтөбе облысы бойынша өкіл имам Серікжан Еншібайұлы Алланың Кәләмі - Құран Кәріммен ашып, дұғасын жасады. Сондай-ақ жиылған қауымды келіп жеткен Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті , бұл айды тиімді, сапвлы өткізудің жолдары туралы тағы да еске салып өтті.
Мұнан кейін сахна төрінің сәнін келтіріп "Әжелер мектебі"-нің ақ жаулықты әжелері тізіліп, сүйікті Елшіміз Пайғамбарымызға (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) салауат айтып өтті.
Сөз кезегін Ақтөбе "Әйел-қыздар" секторы жетекшісі Кушқарова Кенжегүл алып рухани кештің ашылуын жасады. Өз сөзінде кештің ұйымдастырылу мақсатын айта отырып, "Рамазанда руханиятты көтеріп, ниетті туралау" туралы баяндай өтті. Ақтөбе облыстық "Нұр ғасыр" мешітінің шәкірттері "Адалдық пен тақуалық" тақырыбында ой саларлық көрініс көрсетті.
"Бақытжан" мешіті шәкірттері орындауында " Қош келдің Рамазан" әні шырқалып, ортаға "Рамазан" бейнесінде киінген Ай келінді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, Рамазан айында жасалынатын құлшылықтар символикалары әкелінді. Мұнан кейін мешіт ұстазы А. Қойшығұлова сөз алып, "Рамазан айының мақсаты- тақуалыққа жету" тақырыбында уағыз айтты.
Марафондағы басты тақырыбы "Намаз" тақырыбында танымды ойын ойнатып, жеңімпаздарға сыйлық табысталды.
Мұнан басқа аудандық ұстаздар, атап айтсақ Темір ауданы ұстазы Бимолдина Радина, Қобда ауданы ұстазы Баян ұстаз, Мартөк ауданы Гүлсара ұстаз да сөз алды.
Сондай-ақ Байғанин ауданынан келген Амина ұстаз 10 ға жуық шәкірттерімен Рамазан туралы хадистер айтып, "Рамазан айы" туралы әдемі ән шырқады. "Нұр Ғасыр" мешіті ұстазы Кушқарова К жамағаттың Рамазан айына дайындығы мен ораза жайлы білімдерін тексеріп, пысықтау мақсатында "Ия,жоқ" ойыны ойнатылды.
Рухани кеш соңында Ережеп, Шағбан айларында өткізілген 2 айға созылған марафонның қорытындысы жасалып, белсенділік көрсеткен қатысушылар марапаттар мен бағалы сыйлықтар иеленді.
Атап айтсақ: Салауат сайысы бойынша 2 ай бойы әр күн сайын барлығы 2 млн салауат айтылып, жеңімпаздар анықталды.
Олар :
Салауат:
1 орын-Кама - 131922
2 орын-Маржанай - 105730
3 орын-Айнагүл Кішкенбекова-47250
Сондай-ақ жақсы әдеттер қалыптастыру мақсатынла күн сайын истиғфарлар айтылып, есепке алынып отырылды.
Қорытынды:
Истиғфар:
1 орын- Кама - 55636
2 орын - Айнагүл Кішкенбекова - 47250
3 орын - Мөлдір Абдурахманова - 17580
"Бір айда бір кітап" айдарымен Ережеп айында "Асыл аналар" кітабы оқылса, Шағбан айында "Пайғамбарлар тарихы" оқылып, талқыланды.
Пайғамбар тарихы
Қалмай барлық тақырыпқа ілесе оқығандар:
Сидақова Арайлым
Карасаева Маржанай
Мариям Оразалина
Айсұлу Габдрахманқызы
Жалмағамбетова Майра
алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар иеленді.
"Рамазанға дайындық" марафонында 2 ай бойы үздіксіз Хатым түсіріп, Кітапталқы жасап әрі әр кеште күнделікті Намаз, Ораза, Қажылық, Әдеп, Дұғалар тақырыбында тікелей эфирлер өткізіп, жамағатқа білім берген ұстаздар марапатталды.
Рухани кеш соңында жиылған жамағат ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, ақ жаулықты аналар ақ баталарын беріп тарасты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі