Ақтөбе: Наиб имам Рамазан қарсаңында жастармен кездесті 1478

Ақтөбе: Наиб имам Рамазан қарсаңында жастармен кездесті

31 наурыз 2022 127 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық волонтерлер кеңесінің төрағасы, орталық басшысы Нұрбек Жалғасбаевтың ұйымдастыруымен коворкинг орталығында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұловпен кездесу өтті. 

Игі басқосуда наиб имам он екі айдың сұлтаны – Рамазан айына аясында сұхбат берді. Сонымен қатар кездесу барысында жастарға қасиетті Рамазан айының құндылықтары мен қасиеті түсіндіріліп, өздерін мазалаған сауалдарына дін маманының тұшымды жауабын алды.

Шара соңында ұйымдастырушылар наиб имамға шарапаты мол ай туралы сүбелі сұхбат бергеніне алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі